Өткен жылы жаңғыртпалы энергия көздеріне құйылған инвестиция мөлшері белгілі болды
Өткен жылы жаңғыртпалы энергия көздеріне құйылған инвестиция мөлшері белгілі болды
25 күн бұрын 875 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: fundacionnaturgy.org

2024 жылы жаңғыртпалы энергия көздеріне салынған капитал мөлшері 807 млрд долларға жеткен. Бұл көрсеткіш энергетикалық ауысуға (өзге энергия көздеріне көшуге) кететін жалпы 2,4 трлн доллардың шамамен үштен бірін құраған. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Power ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алайда, Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA) және Климаттық саясат жөніндегі бастаманың (CPI) жаңа есебінде жаңғыртпалы энергия көздерінің өсуі айтарлықтай баяулағаны айтылған: 2024 жылы жыл сайынғы инвестиция мөлшері оның алдындағы жылғы көрсеткішпен (32%) салыстырғанда 7,3% -ға өскен. Дамыған және ірі экономикалар энергетикалық ауысу процесін ішкі қаржы ресурстарын қаржыландыру үшін пайдалана алады, ал кіріс деңгейі төмен елдер сыртқы қолдауға тәуелді. Әлемде 2023 жылғы инвестициялардың жартысына жуығы қарыз түрінде, қалғаны - акциялар арқылы берілген. Күн, жел, аккумулятор және сутек энергетикасын өндіретін зауыттарға бағытталған инвестиция мөлшері 2024 жылы 21% -ға, яғни, 102 млрд долларға дейін төмендеді, бұл үрдіс күн фотоэлектр электр стансалары өндірісіне инвестициялардың айтарлықтай төмендеуінен туындады. Бұған қарағанда, аккумулятор зауыттарына салынған инвестиция екі есеге дерлік артып, 74 млрд долларға жетті. Бұл тенденция электр желілерінде, электр көліктерінде және дата-орталықтарда деректерді сақтауға қатысты сұраныстың өсіп келе жатқанын көрсетеді. «Қытай 2018-2024 жылдар аралығында күн, жел, аккумулятор және сутегі технологиялары үшін өндірістік қуатқа қатысты әлемдік инвестиция мөлшерінің 80%-н қамтамасыз етеді», - деп мәлімдеді IRENA.

0 пікір
Мұрағат