Өткен жылы бір елдің өзінде 58 мыңнан аса қарт тұрғын жалғыздықта бақилық болған
Өткен жылы бір елдің өзінде 58 мыңнан аса қарт тұрғын жалғыздықта бақилық болған
8 ай бұрын 1135 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның ұлттық полиция агенттігі өткен – 2024 жылы жалғызбасты қарттардан 58044 адамның өз үйінде өмірден озғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда мұндай статистика алғаш рет жүргізіліп отырғанын айта кетпекпіз. Күншығыс елінің билігі қоғамнан оқшаулану мен жалғыздық мәселесін шешу үшін ел ішінде арнайы сауалнама түрінде зерттеу жүргізіп келеді. 2024 жылы полиция  ел аумағынан тапқан 204 184 мәйіттің 76 020-сы жалғызбасты адамдардікі болып шықты. Жалғыздықта қайтыс болғандардың 76%-ға жуығын 65 және одан жоғары жастағы адамдар құрады. Бұл көрсеткішті жас топтарына қарай жіктесек, 85 және одан жоғары жастағы адамдардыңң үлесі жоғары - 14 658 адам, одан кейін 75-79 жас аралығындағылар - 12 567 және 70-тен 74 жасқа дейінгілер - 11 600 адам. Сонымен қатар, өз үйінде қайтыс болғандардың арасында 20 жастағылар қарасы - 780 адам, 30 жастағылардан -1013 адам және 15-тен 19 жасқа дейін - 62 адам. Олардың өлімінің себептері әрқалай болып келеді. Жастар негізінен өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болуда.

0 пікір
Мұрағат