Өткен жылы әлемде қызылшадан қанша адам өлді
Өткен жылы әлемде қызылшадан қанша адам өлді
4 жыл бұрын 2558 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2018 жылы әлемде 140 мыңнан аса адам қызылшадан опат болған. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 20 мың адамға көп. Бұл жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) елтоқсан айының 6-ы күні жарияланған баяндамасында айтылған. ДСҰ-ның аталған ауруға қатысты келтірген дерекке қарағанда, күллі әлем бойынша 9 млн 769 мың 400 адам қызылшадан зардап шеккен. Олардың 142,3 мыңы аталған дерттен көз жұмған. Десе де 2000 жылмен салыстырғанда қызылшамен ауырғандар саны үш есе кеміген, ал аталған дерттен бақилық болғандар қарасы төрт есе азайған екен. Алайда, 2017 жылы қызылшамен ауырғандар саны 2 млн адамнан асып кеткен, ал өлгендер қарасы 20 мыңнан асқан. Қызылшадан соңғы жылдары қатты зардап шеккен елдер қатарында АҚШ көш бастаған. Одан кейінгі орындарда еуропалық елдер тұр: Албания, Ұлыбритания, Грекия, Чехия. Сондай-ақ, Конго демократиялық республикасында, Либерияда, Сомалиде, Украинада және Мадагаскарда қызылшадан зардап шеккендер қарасы көп.

0 пікір
Мұрағат