Отбасымен жиі серуендеудің пайдасы қандай?
Отбасымен жиі серуендеудің пайдасы қандай?
10 жыл бұрын 12522

Уақыт тауып, балалармен жиі серуендеуге тырысыңыз. Таза ауада немесе табиғат аясында қозғалыста болу, серуендеу әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған баланың ағзасына орасан зор пайдасын тигізіп қана қоймай, ересектердің де денсаулығының жақсаруына септігін тигізеді. Жуырда ғалымдар семіздіктен зардап шегетін жасөспірімдерге зерттеу жүргізді. Тәжірибеге қатысатындар екі топқа бөлінді. Бірінші тобы жаз мезгілін ашық аспан астында қимыл-қозғалысты талап ететін түрлі ойындармен өткізіп, таңертеңгі және күндіз спортпен шұғылданса, екінші тобы қозғалысты аз қажет ететін демалысты таңдаған. Екі топтағы жасөспірімдер де бірдей тамақтанған, яғни, күніне 1600-ден 2000-ға дейін калория тұтынған. Зерттеу нәтижесі ғалымдардың жағасын ұстатқан. Демалысын белсенді әрекетпен, қозғалыспен өткізген бірінші топтағылар алты апта ішінде 6-8 келі салмақтан арықтаған көрінеді, ал екінші топтағылардың қан қысымы әрі қандағы инсулиннің деңгейі артқан. 

0 пікір
Мұрағат