Отанынан қуылған мұсылмандар су астына кетуі мүмкін аралға қоныстандырылады
Отанынан қуылған мұсылмандар су астына кетуі мүмкін аралға қоныстандырылады
5 жыл бұрын 3830 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Будда радикалдары тарапынан қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық, жәбір-жапа көрген, өз атамекенін қуылған азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандардың көрші елдерге, соның ішінде, мұсылмандар шоғырланған Бангладешке ағылғаны белгілі. Бангладештің өзі халқын сыйдыра алмай жатқан, асырай алмай жатқан ел. Осыған байланысты тастан ауыр тауқымет тартқан рохиньялық мұсылмандарды, дәлірегі, шамамен 100 мыңға тарта босқынды Бхасан Чардеп аталатын елсіз, иен жатқан аралға көшірмек. Аталмыш аралда босқындарға арналған тұтас қала салынды. Бір жарым жыл ішінде бой көтерген қала ендігі жерде рохиньялық мұсылмандардың мекені болмақ. Осыдан шамамен 20 жыл бұрын су астында жатқан арал құрлыққа айналған. Мамандар бұдыры болғанымен тұлдыр аралда дауыл мен нөсер жиі болатндықтан су астында қалу қаупі жоғары екенін жоққа шығармайды. Басқа барар жер, басар тауы қалмаған рохиньялық мұсылмандардың елсіз аралға көшуден өзге жолы жоқ. Десе де аралда әлемнен оқшауланып күн кешксі әрі бастарын қатерге тіккісі келмейтіндердің қарасы көп.

0 пікір
Мұрағат