Осы заманғы Ұлы қытай қорғаны
Осы заманғы Ұлы қытай қорғаны
6 жыл бұрын 4366 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігінің пәрменімен дыбыстан да жылдам зымыранды атып түсіре алатын немесе кез келген әдеттегі зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін зақымдай алатын жерасты қорғаныс кешені салынды. Аталмыш жүйені ойлап тапқаны үшін Қытайдың ғылым мен техника саласындағы ең жоғары марапына ие болған Цянь Циху (Qian Qihu) The Global Times ақпарат көзіне берген сұхбатында «жерасты ұлы қытай болат қорғаны» елдің стартегиялық арсеналының қауіпсіздігіне кепілдік бере алатынын әрі дыбыстан да жоғары зымыранмен шабуылдан елді қорғай алатынын жеткізді. Ғалымның айтып отырған «ұлы қытай қорғаны» - тау-тастың астында терең жасырылған қорғаныс құрылғысы. Бұдан бөлек тау жынысы мықта болғандықтын жаудың шабуылына төтеп алады әрі тау арқылы кіріп-шығудың қиындығын қоссаңыз, жау қытайға шабуылдамас бұрын екі шоқып, бір қарайтын болады. Яғни, алдымен шабуылдау үшін мың өлшеп, бір кесетін болады. Оның айтуынша, зымыранға қарсы жерасты қорғаныс кешені Қытайдың ұлттық соңғы қорғану шебі болмақ әрі ядролық шабуыл бастала қалған жағдайда оның бетін қайтару үшін стратегиялық жаппай қырып-жоятын қарумен жауап беретін мүмкіндік беретін шеп. «Қалқанды найзасымен бірге дайындау керек. Біздің әскери технологиямыз заман талабына сай дамыған, өйткені, шабуыл қаруы алдымызға жаңа міндеттерді тартады»,- деді ғалым. Акадеиктің сөзіне қарағанда, дыбыстан 10 есе шапшаң қозғалатын қару ұшу траекториясын өзгертуге қабілетті әрі кез келген зымыранға қарсы жүйені жермен-жексен ете алады.

0 пікір
Мұрағат