Осы жылдың аяғына дейін немесе келесі жылдың басында «Араб шенгені» іске қосылады
Осы жылдың аяғына дейін немесе келесі жылдың басында «Араб шенгені» іске қосылады
4 ай бұрын 1032 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Туристер көп ұзамай бір визамен Парсы шығанағының алты елін араалайтын болады. Дәлірегі, еуропалық одақтағы «Шенген визасы» үлгісі негізінде берілетін бірыңғай виза бойынша туристер Біріккен Араб Әмірліктеріне, Кувейтке, Бахрейнге, Оманға, Катарға және Саудияға бара алады. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Жаңа жүйе екі нұсқаны ұсынады: тек бір елге виза алу немесе бірнеше елге бару. Бірыңғай виза саяхаттаушының бағыты мен виза түрі бойынша 30 күннен 90 күнге дейін жарамды. Мұндай визаға өтінішті орталықтандырылған онлайн платформа арқылы бере аласыз. Өтініш берген адам жеке деректерін қоса ұсынуы тиіс, баратын уақытын, бааратын жерін көрсетуі тиіс.

Бұған қоса, платформаға бірқатар құжаттарды жүктеу қажет болады. Бұл тізімге мыналар кіруі мүмкін:

• қолданыстағы төлқұжат;

• ақ фонда төлқұжат үлгісінің жаңа фотосуреті;

• орналастыратын жерін растау, мысалы, қонақ үйді брондау немесе қабылдаушы тараптың шақыруы;

• Парсы шығанағының барлық алты елінде жарамды кешенді туристік сақтандыру;

• өтініш берушінің қаржылық жағдайын растайтын банктен жаңа үзінді көшірме;

• қайтатынын растайтын кері ұшу билеті.

Өтініш бергеннен кейін келесі  кезекте онлайн визалық алым төлеу қажет болады. Мұны дебеттік немесе кредиттік карта арқылы қорғалған төлем шлюзі арқылы жүзеге асыруға болады. Визалық алымның нақты мөлшері әлі жарияланбағанымен, ресми тұлғалар бір мәлімдегендей, бірыңғайландырылған нұсқа алты визаға  жеке-жеке өтініш беруден гөрі қолйлы болмақ. Виза мақұлданғанған соң электронды пошта арқылы электронды күйінде жіберіледі. Саяхатшыларға визаның қағаз нұсқасын саяхаттың соңына дейін өзімен бірге алып жүруге кеңес береді. 

0 пікір
Мұрағат