Осы ғасырдың аяғына дейін қырғыз мұздақтарының 98%-ы еріп жоғалады
Осы ғасырдың аяғына дейін қырғыз мұздақтарының 98%-ы еріп жоғалады
5 жыл бұрын 2197 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынудан Қырғызстан аумағындағы, дәлірегі, таулы өңірлердегі мұздақтардың 25%-ы еріп кеткен. Айналдырған 30 жылдың ішінде. 2100 жылы ел аумағындағы мұздақтардың 98%-ы еріп жоғалады. Бұл жайында аталған ел премьер-министрі Мұхаммедқалы Әбілғазиев мәлім етті. «Тұрақты даму үшін реформаны тездету» деп аталатын алқалы жиында. Бұл турасында қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның айтуынша, қырғыз жерінде 6516 мұздақ бар, жалпы ауданы 8000 шаршы шақырымды, яғни, ел аумағының 4%-ын құрайды. Десе де ол осынау экологиялық апатқа индустриясы дамыған елдерді айыптап отыр. Оның сөзінше, әлемдегі ірі 10 державаның атмосфераны ластау деңгейі қалған 190 елдің осы көрсеткішіне пара-пар. Болашақ пен келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті тағы бір еске салып өткен ол экономикалық даму үшін экологияны құрбан етуге болмайтынын, яғни, қоршаған ортаға зиян келтіру есебінен жүргізілмеуі керектігін алға тартты.

0 пікір
Мұрағат