Орыс сарапшысы: АҚШ Ресейге 3000 ұшақпен шабуыл жасап, мыңдаған нысанды бір сәтте жояды
Орыс сарапшысы: АҚШ Ресейге 3000 ұшақпен шабуыл жасап, мыңдаған нысанды бір сәтте жояды
4 жыл бұрын 2021 newsroom.kz Асхат Қасенғали

АҚШ Ресей әскери күштерін естен тандыратын соққы жасай алады. Бұл туралы Ресей зымыран және артиллериялық ғылым академиясы президентінің орынбасары, әскери сала докторы Константин Сивков мәлімдеді.

Сарапшының ойынша АҚШ теңіз және әуе күштеріндегі қуатты зымырандар мен бомбаларға сенеді.

«АҚШ теңіз күштеріндегі қанатты зымырандар 1600-2400 шақырымдағы нысанаға бар болғаны 5–10 метр ауытқумен дәл тиеді», — дейді автор.

АҚШ теңіз күштеріндегі кемелерде қазіргі таңда жобамен 4000 зымыран, ал сүңгуір кемелерінде 1100 зымыранға дейін орналастырылған. Соғыс бола қалған жағдайда АҚШ күштері бір сәтте 3000 зымыранмен атқылай алады. Ал АҚШ әуе күштері бір мезетте 1200 зымыран жіберуге қауқарлы көрінеді.

«Сонымен қатар, олар тек қана зымыранмен атқыламай, бір мезетте 3000 ұшақпен басып кіріп, ел шекарасына 600 шақырым ішкерілей еніп, орасан зор соққы жасай алады», — дейді сарапшы.

Мұндай соққы жасалса, бір мезетте АҚШ Қытай мен Ресейдің аса маңызды деген мыңдаған әскери нысанын істен шығарады екен. Сарапшы ол үшін үлкен дайындық керектігін де атап өтті. «Аталмыш соққы жасау бірнеше сағатқа созылуы мүмкін, ал Қытай мен Ресейде қарымта жауап ретінде ядролық қарумен соққы жасауға 10-15 минут қана болады» деді ол.

0 пікір
Мұрағат