Орынды себепсіз ораза ұстамағандарды қандай жаза күіп тұр мұсылман елінде
Орынды себепсіз ораза ұстамағандарды қандай жаза күіп тұр мұсылман елінде
3 жыл бұрын 1155 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Малайзия билігі қасиетті Рамазан айында орынды себепсіз (мәселен, денсаулығына байланысты) ораза ұстамағандарға айыппұл салынатынын немесе Пенангадағы түрмеге жабылатынын ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы Bernama ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Пенанг штатының бас министрінің орынбасары Ахмет Зәкиуддин Әбдірахман осындай мәлімдеме жасады. Ол, сондай-ақ, қасиетті Рамазан айына құрмет танытпағандарға, соның ішінде қоғамдық орындарда, яғни, ауыз бекіткендер жанында ас-суды пайдаланғандарға 1 мың ринггит (малайлықтардың ұлттық валютасы) айыппұл салынатынын немесе алты айға дейін абақтыға жабылатынын жеткізді. Ерекше шектен шыққандарға екі жаза бірдей қолданылатынын да атап өтті. Мұндай әрекетімен көзге түскендер тағы сол әрекетін қайталаса, оларға салынатын айыппұл мөлшері де артады – 2 мың ринггит немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

0 пікір
Мұрағат