|
Өрттен қаза тапқандар үшін арнайы Құран оқылады (ФОТО)
|
Кеше Әзірбайжан астанасында 16 қабатты тұрғын үйдің отқа оранғаны турасында хабарлаған едік. Осы тілсіз жаудан 17 адам көз жұмып, 60-тан аса адам жарақат алды. Санаулы минуттың ішінде жанып кетуіне ғимарат сапасыз әрі арзан пластикалық панел себеп болған. Бұған қоса, ғимараттағы газ балондары да жарылып, өрттің одан ары өршуіне ықпал етті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 40 өрт сөндіру көлігі, жедел жәрдем көлігі және 2 тікұшақ жұмылдырылды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Кавказ мұсылмандар діни басқармасы қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, олар үшін арнайы Құран оқитын болады.




Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін