Өрттен қашып, терезеден секірген (видео)
Өрттен қашып, терезеден секірген (видео)
10 жыл бұрын 4975

Үстіміздегі жылдың мамыр айының 19-ы күні Әзірбайжан астанасында өрт шығып, тілсіз жаудан 16 адам қаза тапқан. Олардың үшеуі – балалар. Бұл жайында 1news.az ақпарат көзі хабар таратты. Пластикалық терезенің кесірінен сумаңдаған жалын тілі бүкіл қабатқа жайылған. Азадлыг даңғылындағы 16 қабатты үй тұтас жанып кетті десе де болады. Жоғары қабатындағы өртті сөндіру үшін тікұшақ пайдаланылды. Өрт төрт сағаттың ішінде ауыздықталды. Әзірбайжанның бас прокуроры Зәкір Ғараловтың айтуынша, өрттің шығуына сапасыз материалдар себеп болған. Осы өрт кезінде адамдар терезеден секіріп, жан тапсырған. Әзірбайжан президенті Илхам Алиев осы оқыс оқиғаны тексеру жұмыстарын өз бақылауына алды. Отқа оранған осынау ғимаратты тұрғызған Global Construction компаниясының басшысы қамауға алынды. Мұндай жағдай бірінші рет орын алып отырған жоқ. Үстіміздегі жылдың сәуір айында Баку қаласында он қабатты тұрғын үй отқа оранған болатын.

0 пікір
Мұрағат