Орталық барлау басқармасы халқының саны ең жылдам өсетін елдерді атады
Орталық барлау басқармасы халқының саны ең жылдам өсетін елдерді атады
3 ай бұрын 980 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлем тұрғындарының саны шапшаң өсіп келеді. 2022 жылы адамзаттың қарасы 8 миллиардтан асты. Болжам бойынша алдағы 60 жылда әлем халқының саны 10 миллиардтан асуы мүмкін, десе де кейбір жекелеген елдерде жағдай біршама басқаша. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америка құрама штаттарының орталық барлау басқармасы (ЦРУ) демографиялық деректерді, соның ішінде туу, өлім және көші-қон көрсеткіштеріне негізделген халықтың өсу қарқынын бақылайды. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Орталық барлау басқармасы халық санының өсу қарқыны ең жоғары елдердің рейтингін жасады:

Оңтүстік Судан – 4,65%

Нигер – 3,66%

Ангола – 3,33%

Бенин - 3,29%

Экваторлық Гвинея – 3,23%

Уганда – 3,18%

Конго Демократиялық Республикасы – 3,11%

Чад – 3,01%

Мали - 2,9%

Замбия – 2,83%

Бұл тізімде бірыңғай қара құрлық елдерінің көш бастағанан байқайсыз. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мағлұматы соңғы 120 жылда Африка халқының саны 10 есе өскенін көрсетеді. Бұл демографиялық үрдіс Африкадағы туу көрсеткішінің артуы мен өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуімен байланысты. 2100 жылға таман әлем елдерінің 97%-да туу көрсеткіші қазіргі халық санын тұрақты деңгейде ұстап тұра алмайды. Яғни, әлемнің басым елдерінде демографиялық ахуал кері кетіп, халық саны кемиді. 2080 жылдардың ортасына қарай адамзаттың қарасы азая бастайды. Бұл өзгерістердің нақты салдары анық емес және қосымша зерттеулерді қажет етеді

0 пікір
Мұрағат