Орта Азияның тағы бір елінен мұнай мен газ кенінің мол қоры табылды
Орта Азияның тағы бір елінен мұнай мен газ кенінің мол қоры табылды
5 жыл бұрын 2424 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Экономикасы өзге Орта Азия елдерімен салыстырғанда айтарлықтай артта қалған Тәжікстанның аумағынан мұнай мен газ кенінің мол қоры табылды. Бұл қазба байлық өз кезегінде тұралаған тәжік экономикасына серпін беріп, иіні жүдеу халқының әлеуметтік оңалуына септігін тигізбек. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталған ел аумағындағы 20 кен орнында 3-5 мың тереңдіктен мұнай мен газдың кені табылып отыр. Тұтастай алғанда бұл елдің мұнай қоры 2 млн тоннадан асады, ал газ қоры 3 млрд текше метрден асады. Бұл жайында Тәжікстанның геология басқармасының жетекшісі Илхомджон Оймахмадзода мәлім етті. Кеше, яғни, шілде айының 18-і күні. Тәжікстанның қазба байлығы тек мұнаймен, газбен шектеліп қалмайды, аталған елдің жер қойнауы алтынға да, күміске де, түрлі-түсті металға да толы. Сондай-ақ, сәндік (декоративтік) және түрлі түсті тастар қоры да ұшырасады. Қазба байлықтың молдығынан кенде емес елдің басты проблемасы - оны өндіретін, кәдеге жарататын, елдің игілігіне асыратын техника мен технологиядан мақұрым қалып отырғанында. Осыған байланысты тәжік билігі 22 компаниямен жалпы мөлшері 108 млн сомонға бағаланған келісім-шартқа отырды. Қазіргі уақытта аталған ел аумағында геологиялық барлау жұмыстары жалғастырылуда. Бұл кен орындарын игеру үшін мемлекет бюджетінен ғана қаражат бөлініп қоймайды, сонымен қатар, инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Тәжікстанның геология басқармасының жетекшісі Илхомджон Оймахмадзода елдің мемлекеттік балансы алтын мен көмір, цемент шикізаты, әк, газ бен мұнай, т.б. есебінен қалыптасқанын жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат