Орта Азияда иммундық тапшы вирусына шалдыққандар қарасы екі есе көбейіп кеткен, соның ішінде Қазақстанда қанша
Орта Азияда иммундық тапшы вирусына шалдыққандар қарасы екі есе көбейіп кеткен, соның ішінде Қазақстанда қанша
6 жыл бұрын 3095 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Орта Азия тұрғындарының арасында иммундық тапшы вирусын жұқтырғандар қарасы 2010 жылдан бері екі есе көбейіп кеткен. Бұл мәлімет Біріккен Ұлттар Ұйымының әлі күнге емі табылмаған аталған дертпен күрес жөніндегі біріккен бағдарлама мамандары жариялаған баяндамада келтірілген. Амсетрдам қаласында осы тақырыпта өткен халықаралық жиында жасалған баяндамада айтылғандай, өткен жылдың соңына таман Шығыс Еуропада және Орта Азияда аталған дертке 1,4 млн адам шалдыққан. 2016 жылы бұл көрсеткіш Шығыс еуропа мен Орта Азия тұрғындары арасында екі есе аз болатын - 69%. Осы алқалы жиында әлемнің әр түкпірінен келген денсаулық сақтау саласының мамандары мен сарапшылар иммундық тапшы вирусымен күреске қоғамның өзі кедергі келтіріп отырғанын жасырмады. Мұндай дертке шалдыққан адам қоғамнан оқшауланып, өгейдің күнін кешпес үшін ауруын жасырып, дер кезінде асқындырып алмай емделмейді. Бұл өз кезегінде аталған ауруды жұқтырушылар қарасын көбейтіп отыр. Бұдан бөлек, емдеуге қажетті ресурстар мен дәрі-дәрмек жетіспейді. Орта Азия бойынша Тәжікстанның Соғды облысында инфекция жұқтырғандардың 7,5 пайызын жасы 14-ке толмаған балалар құрап отыр. Ал елімізге келсек, жыл сайын бұл дерке шалдыққандар қарасы шамамен, яғни, орта есеппен алғанда 10 пайызға артып отырады екен. Дәл қазіргі уақытта елімізде 30 мыңға жуық азамат аталған дерт бойынша диспансерлік есепте тұр. 

0 пікір
Мұрағат