Орта Азия шөлге айналады – зерттеу
Орта Азия шөлге айналады – зерттеу
2 жыл бұрын 2816 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Аталған аймақтың көп бөлігіне құрғақшылық тән, жауын-шашын аз түседі. Осындай ерекшелігіне байланысты жаһандық жылынуға байланысты ауа температурасы көтерілген сайын бұл аймақтың шөлге айналу процесі шапшаң жүретін болады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған  Geophysical Research Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Орта Азия аймағындағы шөл 1980-ші жылдардан бастап солтүстікке қарай 100 шақырымға жылжыған, дәлірегі, ұлғайған. Ал осы аймақтағы таулы өңірлерде климат дағдарысына байланысты кері процесс жүріп жатыр. Яғни, жаһандық жылынуға байланысты мұздақтар мен тоңның еру қарқыны артып, ылғалдану процесі күшейген. Бұл өзгеріс өз кезегінде жергілікті экожүйе мен тұрғындарға қауіп төндіруде. Қытайдағы Ланжоу университетінің ғалымдары Ки Ху мен Сиқан Хан 1960 және 2020 жылдардағы ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері туралы деректерді талдап, сараптаған екен. Осының ішінле Орта Азияны 11 климат аймағына бөлген. Нәтижесінде 1980-ші жылдардан бастап, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қытай аумағындағы шөл дала едәуір ұлғайған. Орта Азияның шөл мен шөлейтке айналуына тек климат дағдарысы ғана емес, сонымен қатар, тікелей антропогендік факторлар да өз әсерін тиггізіп отыр: пайдалы қазба ресурстарын өндіру, ауыл шаруашылықтың қарқын алуы, т.б.

0 пікір
Мұрағат