Орта Азия мемлекеті елдің құндылықтарына, рәміздеріне, азаматтарына тіл тигізгендерді қуатын заң қабылдады
|
Орта Азия аймағында туристік әлеуеті жоғары Өзбекстан билігі елдің тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына, мемлекеттің қауіпсіздігіне қайша келетін әрекеттерімен көзге түскен шетелдіктерді елден қуатың заң қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзбекстан халқы қастер тұтатын құндылықтарға тіл тигізгендер аталған елдің сыртқы істер министрлігінің арнайы тізіміне енгізіліп, келесі жолы елге кіруіне тыйым салынады. «Өзбекстан Республикасындағы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі туралы» заңға енгізілген түзетулерде қарастырылған талаптарға сәйкес Өзбек республикасының СІМ-ның арнайы тізіміне енген шетелдік тұлғалар бес жылға дейін елге кіргізілмейді, бұдан бөлек, мынадай шектеулер қолданылады: банктен шот аша алмайды, жылжымайтын мүлік сатып ала алмайды, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге қатыса алмайды, қаржылық келісімшартқа отыра алмайды және өзге де мәмілелерді бекіте алмайды. Арнйыа тізімге енген шетелдік азамат он күн ішінде елден қарасын батыруы тиіс. Егер өз еркімен кетпесе, күштеп елден шығарылады.