Орта Азия елінде видео ойындарға шектеу қойылады
Орта Азия елінде видео ойындарға шектеу қойылады
2 ай бұрын 1653 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Jason Lee / Reuters

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі ел аумағында кеңінен танымал Counter-Strike және Grand Theft Auto (GTA) видео ойындарына тыйым салуды бастама етіп көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта тәжіктердің тәртіп сақшылары Counter-Strike және Grand Theft Auto ойындарындағы секілді зорлық-зомбылық белгілері бар видео ойындарға қол жеткізу мүмкіндігін шектеу үшін тексеру мен рейд жүргізеді әрі компьютерлік орталықтардың қожайындарынан зорлық-зомбылықты насихаттайтын ойындарды бұғаттауды талап етеді. Осылайша елдің ғасырлар бойы қалыптасқан бауырмалдық, адамгершілікке негізделген мәдени құндылықтарға қайшы жат әдеттен жастарды қорғамақ.

0 пікір
Мұрағат