Орта Азия елінде мүгедектерді зорлағандар өмір бойына сотталады
Орта Азия елінде мүгедектерді зорлағандар өмір бойына сотталады
4 сағат бұрын 64 kaz.inform.kz Еркежан Смағұлова. Фото: Әділет Беремкулов/Kazinform

KAZINFORM — Қырғызстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты сексуалды қылмыс жазасы күшейтілді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Ел парламенті жасы алпысқа толса да мүмкіндігі шектеулі жандарды зорлағаны үшін кінәлі деп танылғандарды жынысы мен жасына қарамастан өмір бойына бас бостандығынан айыруы мүмкін заң жобасын қабылдады.

Заң жобасы мүгедектердің жыныстық құқығын қылмыстық шабуылдардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне 60 жасқа толған адамдарға балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын түзетулер енгізілген болатын.

Осыған дейін Қырғызстанда TikTok-ты бұғаттан шығару ұсынылғанын хабарлаған едік.

Еркежан Смағұлова

0 пікір
Мұрағат