Орта Азия елінде компаниялардың атауы ретінде 118 діни терминді пайдалануға тыйым салды
Орта Азия елінде компаниялардың атауы ретінде 118 діни терминді пайдалануға тыйым салды
Кеше 345 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстанның министрлер кабинеті заңды тұлғалар атауы ретінде пайдалануға тыйым салған 118 діни сипаты бар сөздер мен терминдер тізімін бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Sputnik ақпарат көзіне жөн сілтеген centrasia.org сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті қаулыға аталған елдің министрлер кабинетінің жетекшісі Әділбек Қасыәлі қол қойған. Соның ішінде заңды тұлғалар бұдан былай аталған ережеге сәйкес христиандықпен байланысты Інжіл, Христос, шоқыну, шіркеу, апостол, монах, икон, армагеддон, патриарх, Пасха, Үштік, т.б. секілді терминдерді, ал исламмен байланысты Әзірейіл, Жәбірейіл, Қажылық, Хадис, Халиф, т.б. терминдерді, Тәурат, Талмуд, Танах (иудаизммен байланысты) терминдерді пайдалана алмайды. Сондай-ақ, Будда, Брахман, Сай Баба, Сатия, Ахриман, Заратуштра, саентология, адвентист, иегова, нирвана, миссионер, т.б. секілді түрлі секталар мен діги ағымдардың, наным-сенім атауларын да пайдалануға тыйым салынған. Дегенмен, мұндай ереже пайда табуды мақсат етпеген діни ұйымдарға қолданылмайды. Қырғыз билігінің мұндай қадамға баруына қаржы пирамидаларының көбісі адамдарды алдау, арбау үшін діни терминдерді пайдаланатындықтан барып отырғанын жасырмады. Осылайша қандай да бір дінді жамылып, ақша табуды мақсат еткен алаяқтармен күресудің бір әдісі ретінде осындай шара қабылдауға мәжбүр. 

0 пікір
Мұрағат