Орта Азия елінде хижабқа заң жүзінде басыбүтін тыйым салынды
|
Тәжікстан президенті Емамәлі Рахман «жат елдің мәдениетіне еліктеудің, фанатизмнің және ырымға сенудің алдын алу» деген желеумен хиджаб киюге толық тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы Asia-Plus (asiaplustj.info) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәжікстан парламенті қабылдаған «жат киімдерді» кию тәртібін реттейтін «Мерекелер мен рәсімдерді реттеу туралы» заңға қол қойылды. Билік тарапынан қабылданған заң талаптарын, дәлірегі, аталған тыйымды елемегендерге айыппұл салу қарастырылған. Бұл заңның қоғамдық орындарда шариғат шәлісін кигені үшін салынатын айыппұлдар мен әйелдердің орамал ретінде тағу талаптары туралы хабарламалар аясында қабылданғаны атап өтілді. Осы орайда өткенн жылдың қыркүйек айында Өзбекстан парламентінің бет-жүзді сырт көзден жасырып, жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заң жобасына енгізілген түзетулерді мақұлдағанын айта ктепекпіз. Тек жұмысына және қызмет бабына байланысты, сондай-ақ, медициналық себептер бойынша бет-жүзді тұмшалауға рұқсат етілген.