Орта Азия елінде барлық мұғалім әскери борышын өтеуден босатылды
Орта Азия елінде барлық мұғалім әскери борышын өтеуден босатылды
1 ай бұрын 573 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тәжікстанда кәсіби қызметін атқарып жүрген мерзімде мектеп мұғалімдерін міндетті әскери борышын өтеуден босату қарастырылған «Әскери борыш пен әскери қызмет туралы» заңға өзгертулер енгізілді. Осы уақытқа дейін мұндай жеңілдік тек ауылдық жерлердегі мұғалімдерге ғана тиесілі болатын. Бұл жайында islam.kz порталы CentralAsia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәжік билігі мұндай қадамға ұстаздардың мәртебесін көтеру әрі білім беру мекемелеріндегі мамандар тапшылығын жою үшін барып отыр. Осы орайда аталған орта азиялық елде мұғалім жетіспеушілігі ең өткір әрі өзекті мәселеге айналған. Тәжікстанның білім және ғылым министрі Рахым Саидзоданың мәліметінше, 2025/2026 оқу жылының басында ел мектептерінде 3800-ден астам мұғалім жетіспеді. Биыл 13 мың студент педагогикалық мамандық бойынша жоғары оқу орындарын бітіргеніне қарамастан. Сарапшылар мектептердегі кадрлық тапшылықтың негізгі себептеріне кейбір педагогтарды әскерге мәжбүрлеп шақыру, қалалар мен аудан төрағаларының жер телімдерін бөлу жөніндегі уәделерін орындамауы және мұғалімдер үшін көзделген басқа да жеңілдіктерді іске асырмау жатады деп есептейді. Бұл түйткілді шешу үшін ел үкіметі «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын ұсынды. Бұл заң алғаш рет педагогтардың құқықтық, әлеуметтік және қаржылық мәртебесін жеке нормативтік актіде анықтап берді. Аталмыш заң талаптарына сәйкес мұғалімдердің құқығы қорғалады, соның ішінде сенбілік секілді қоғамдық жұмыстарға тартуға және мектеп қабырғасында оларға ақша жинатуға қатаң тыйым салынған. Бұдан бөлек, мұғалімдерге тіл тигізгендерге және қысым көрсететіндерге жауапкершілік күштейтілді. Сондай-ақ, мұғалімдер кезексіз жер телімін ала алуға баспаналы болуға кепілдік берілген.

0 пікір
Мұрағат