|
Орта Азия елінде 1 жарым мыңға тарта балгер мен сиқыршы ұсталды
|
Тәжікстанның ішкі істер қызметкерлері шамамен бір жарым мың адамды балгерлікпен және сиқырлықпен айналысты деген айыппен тұтқындады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің ІІШ дерегіне жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2024 жылдың мамыр айынан басталған алаяқтарды аулау науқаны аясында ұзын саны 7,5 мың адам ұсталды. Олардың ішінде арнайы діни білімі жоқ 5 мың молда, сондай-ақ, 1,5 мың балгер және сиқыршы бар. Тәжік билігі тек бақсы-балгерлер мен сиқыршыларға ғана емес, сонымен қатар, олардың клиенттеріне де жаза қарастырылған күрес шараларын қолға алған болатын. Қолға түскендердің барлығы ең аз дегенде дегенде қоғамдық жұмысқа жегілетін болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)