Орта Азия елі құмар ойынды заңдастырып жіберді
Орта Азия елі құмар ойынды заңдастырып жіберді
3 жыл бұрын 1103 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Алатаудың арғы жағындағы айыр қалпақты ағайындардың заң шығарушы органы 10 жылға созылған тыйымнан соң казино қызметіне рұқсат еттті. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы тиісті заң жобасын таяуда аталған ел парламенті үш бірдей оқылымда қабылдап жіберді. Осылайша қырғыз аумағында букмекерлік кеңселерден бастап ойын автоматтарына дейін барлық түрлеріне рұқсат етіліп отыр. Десе де аталмыш заң жобасы депутаттар арасындағы талас-тартыспен өткенін айта кетпеске болмайды: «Бутун Кыргызстан» («Бүтін Қырғызстан») және “Ыйман нуру” («Иман нұры») фракциясының депутаттары басы бүтін қарсы шығып, заң жобасына енгізілетін түзетуді тоқтатуға тырысқан еді. Алайда, көпшілік дауыспен (59 «иә» және 7 «жоқ») қабылданып кетті. Аталмыш заң жобасын бастама етіп көтергендердің айтуынша, ойын мекемелері бюджетке миллиардтаған қаражат түсіреді. Ал үкімет жетекшісі Ақылбек Жапаров казино тек шетелдіктерге арналғанын, қырғыз азаматтарына кіруге рұсат берілмейтінін алға тартып отыр. Алайда, бұл норманың қалай қадағаланатынын ол айтпады. Қазастан Республикасында, яғнии, елімізде бұл сала «Ойын бизнесі туралы» (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 Заңы - adilet.zan.kz дерек көзінен) заңмен реттеледі.

0 пікір
Мұрағат