Орта Азия елі өлім жазасына тыйымды конституциямен бекітеді
Орта Азия елі өлім жазасына тыйымды конституциямен бекітеді
3 жыл бұрын 1148 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан аумағында өлім жазасына тыйым салу туралы норма республика конституциясында бекітілуі тиіс. Өзбек басшысы Шавкат Мирзеев осылай деп мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің саси баспасөз қызметіне жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мемлекет басшысы биылдан қалдырмай, яғни, 2022 жылдың желтоқсан айында елдің негізгі заңын толық жаңарту туралы бастама көтеріп отыр. Бұл бағытта өзбек парламенті елдің бас құжатын қайта қарастыратын конституциялық комиссия жасақтады. Осылайша өзбек билігі өлім жазасы туралы тақырыпты енді қайтып қозғамау үшін осындай елеулі шараға барып отыр. Өзбек басшысының айтуынша, әлем елдері адам құқығы секілді құндылықтар алға шығатын демократиялық бағытта дамып келе жатқандықтан әлем елдерінде ерте ме, кеш пе, мұндай қатал шараның – адамның табиғи құқығына қол сұғу шарасының біртіндеп қолданыстан қалатынын алға тартып отыр. Осы орайда өзбек басшысы конституциялық реформаның негізгі бағыттарын белгілеп бергенін айта кетпекпіз, соның ішінде, конституцияға отбасы, экология, жастар саясаты, білім беру, т.б. секілді ұғымдар қамтылып, заңнамалық тетікпен қатамасыз етіліп, бұл тараптағы өзекті мәселелер нақтыланатын болады. Бұрынғы «мемлекет-қоғам-тұлға» принципі жаңасымен ауыстырылады: «адам-қоғам-мемлекет». Бұдан бөлек, парламент құзырті кеңейтіледі.

0 пікір
Мұрағат