|
Орта Азия бойынша Өзбекстан әскері 1-ші орыннан көрінді
|
Жыл сайын жаңартылатын рейтингтер болады. Сондай рейтингтердің бірінде (Global Firepower Index – 2021) өзбек әскері Орта Азия аймағында көш басынан көрінді. Ал әлем бойынша 51-ші орынға табан тіреген. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш рейтинг дерегінше қазақстан әскері 61-ші орынды місе тұтқан. Ауғанстан 75-ші орынға жайғасқан, Түркіменстан – 86, Қырғызстан - 93, Тәжістан – 99. Өзбек әскері бұл тарапта Беларус, Марокко және Португалия әскерімен шендес: Беларус – 51-ші орында. Бұрынғы КСРО құрамындағы елдер бойынша бұл ретитингте Өзбекстан төртінші позицияда, яғни, Ресей Федерациясы, Украина және Беларусиядан кейінгі орында тұр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)