Орта Азия аймағын келбетін өзгертуі мүмкін жоба құрылысы басталады
Орта Азия аймағын келбетін өзгертуі мүмкін жоба құрылысы басталады
2 жыл бұрын 1513 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан құрлықтағы тасымалға қарағанда бірнеше есе арзанға түсетін мұхитқа шығудың жолдарын қарастырып келеді. Бұл бағытта «Термез-Мазари-Шәріп-Кабул-Пешабар» теміржол желісінің құрылысын тезірек бастауды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзбек билігі бұл мақсатқа жету үшін Пәкістанның айлақтарын пайдалануды ұйғарып отыр. Бұл мәселе «Узбекистон темир йуллари» («Өзбекстан темір жолдары») акционерлік қоғамының жетекшісі Құснитдин Қасыл мен ауған теміржолының бас директоры Бақыт Рахман Шарапат арасында талқыланды. Өзбек билігінің бұл жобасы өз кезегінде ауғанстанның транзиттік әлеуетен көтеріп, экономикасына серпін беруі тиіс. Яғни, бұл жобадан тек Өзбекстан ғана емес, сонымен қатар, Ауғанстан да ұтады. Осылайша Орта Азияның көлік және коммуникация жүйесі тағы бір желімен толығатын болады. Ұзақ мерзімді қатынас пен ынтымақтастықтың дамуына өз септігін тигізетін жоба «Термез – Мазари-Шәріп – Кабул – Пешабар» бағыты 600 шақырымды қамтымақ. Орта Азия елдерінің арасындағы сауда және экономикалық байланыстың тереңдетуге мүмкіндік беретіндіктен аймақтың дамуына да ықпалы жоғары болмақ. Пәкістаннан Өзбекстанға дейін тартылатын жаңа теміржол желісі бойынша жүк тасымалына бұрынғыдай 35 күн емес, 3-5 күн ғана кетеді. Яғни, бір контейнерді тасымалдау құны үш есеге арзандайды. Бұған қоса, бұл бағыт бойынша 10 млн тоннаға дейін жүк тасымалдануы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат