|
Өрмекшіні өлтірем деп, машинасы мен жанар-жағармай бекетін өртеп жібере жаздады (видео)
|
Америкалық азамат өрмекшіні өлтірем деп, өзінің автокөлігі мен жанар-жағармай бекетін өртеп жібере жаздады. Жүргізуші өрмекшіні автокөлігінің шанағынан, дәлірегі, жанар-жағармай багының жанынан байқап қалған. Байқап қалғанда оттықтың көмегімен көзін жоймақ болған. Абырой болғанда, дем арасында лап ете қалған жалыннан жүргізуші қатты күйіп қалмаған. Жанар-жағармай жұмысшысы Сьюзан Адамс бірден жанар-жағармай беретін кранды жауып үлгеріп, өрт сөндірушілерді шақырған. Бұл аралықта көлік жүргізушісі өртті сөндіретін құрылғыны алып, шұғыл қызмет өкілдері келіп жеткенше отты сөндіріп үлгерген болатын. Нәтижесінде, бір жанармай құятын бір колонка істен шықты. Автокөлік зардап шекпеген. Бұл жайында Fox2 Detriot ақпарат көзі хабар таратты. Бір қызығы, жанар-жағармайды өртей жаздаған жүргізуші келесі күні де сол бекетке келуге қысылмаған. Артынан ол өрмекшіден өлердей қорқатынын жасырмаған көрінеді. Жанар-жағармай бекетіне келген зиянның орнын сақтандыру компаниясы толтыратын болды.