Орманға от қойғандар үшін өлім жазасы енгізілуі мүмкін
Орманға от қойғандар үшін өлім жазасы енгізілуі мүмкін
2 жыл бұрын 2043 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияда әлемде тұңғыш рет орман өртіне жол бергендерге өлім жазасын қолдануды бастама етіп көтеріп жатыр. Аталмыш бастаманы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да қолдап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы TGRT телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, үшінші  тәулікке ұласқан өртпен арпалыс жүріп жатқан Мәрмәрісте жұма күні Түркия басшысы «Егер жазаны тежейтін фактор десек, онда орман өртіне жол бергендерге өлім жазасы қолданылуы тиіс. Бұл мәселені талқылау керек», деп мәлімдеді. Мәрмәрістегі орман өрті 3 мың гектар аумақты қамтыды. Мәрмәрістегі орман өрті бойынша Сәжит Айхан есімді 34 жастағы азамат айыпталып, тұтқындалған болатын. Түркияның ішкі істер министрі Сүлеймен Сойыл оның өз кінәсін мойындағанын мәлім еткен еді. Министрдің сөзіне қарағанда, айыпты тұлға «коммерциялық жанжалдан бүкіл аймаққа ашуланып, үш жерді өртеп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған». Жаһандық жылыну қарқынына байланысты атмосферадағы көмірқышқыл газын сіңіруде маңызы зор орман-тоғайды отаудан, оттан көздің қарашындай сақтау үшін, әсіресе, жері қуаң өңірлерде өзекті мәселеге айналуда. Орман өрті ғаламдық сипат алып келеді. Жолындағысын жайпап кететін тілсіз жаудың бетін қайтару үшін адам ресурсынан бөлек өрт сөндіргіш құралдар мен техникалардан басқа тікұшаққа дейін жұмылдырылады. Тіпті, ауқымды орман өртіне бір мемлекеттің шамасы келмейтін кездер де кездеседі. Орман – мемлекет ресурсы болғандықтан ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекет ретінде бағалануы керек деп есептейді сарапшылар.

0 пікір
Мұрағат