Оқушыларға қымыз бен сало беруге тыйым салынды
Оқушыларға қымыз бен сало беруге тыйым салынды
3 жыл бұрын 1791 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей мектептеріндегі асханаларда тартылған ет немесе жұмыртқа қосылған макаронды, етпен немесе ірімшікпен жасалған құймақты, сондай-ақ, шикілей қақталған шұжықты ас мәзірінен алып тастады. Бұл жайында islam.kz порталы «Роспотребнадзордың» (Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғайтын әрі қадағалайтын федералды органы) Санкт-Петербор бойынша басқармасының  Instagram-аккаунтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, мектеп оқушыларын окрошко (сүт, шұжық, қияр, көк-сөк, т.б. қосылған суық көже), желе, майшабақпен, маргарин, паштет, фритюрде әзірленген немесе жартылай дайындалған өнімдермен (полуфабрикат), саломен (доңыздың майы) тамақтандыруға да тыйым салынған. Бұл айтылғандардан бөлек жабайы жануардың етін, суда жүзетін құстардың жұмыртқасын, кондитерлік керм жағылған өнімдерді, арахисті (жаңғақ), карамелді ұсынуға болмайды. Ал сусын түрліренін, энергетикалық сусындар, табиғи кофе, квас және қымыз тыйым салынған тізімге енгізілген.

0 пікір
Мұрағат