Оқушыларға мектепке шариғат шәлісін киіп келуге рұқсат берді
|
Үндістанның Керапа штатының мектептерінде мұсылман оқушыларына бірінші сыныптан бастап шариғат шәлісін жамылып келуге рұқсат етті. Мұсылмандар үшін биылғы ең жағымды жаңалық осы болды. Мұндай қадамға неліктен барғандарын мұсылман ата-аналардың талап-тілегімен түсіндірді Висвадипти Видьялайя мемлекеттік білім беру мекемесінің директоры Сантха Виджайян. Бұрындары аталмыш мектепте тек бесінші сыныптан бастап қана шариғат шәлісін жамылып келуге рұқсат етілетін. Соңғы жылдары осынау штаттағы жекеменшік мектептерде қасиетті Құран мен ислам дінінің ілімдері оқытыла бастағаннан бері шариғат шәлісін барлық білім ордасында шариғат шәлісін жамылып келуге рұқсат беріле бастады. «Біз төменгі сыныпта оқитындарға да бастарына орамал тартып келуге рұқсат еттік. Тек бір шартпен. Шариғат шәлісі не бірыңғай ақ түсті немесе бірыңғай қара түсті болуы керек», – деді Вайтилла елдімекеніндегі мемлекеттік мектептің директоры Н.М. Джордж. «Төменгі сынып отқушыларының бастарына орамал тартқанын қаламасақ та ата-аналардың қалауына қарсы тұра алмаймыз», – деді Деваматха мемлекеттік мектептің директоры Шаджа Эдаман.