Оқушылар қағаз оқулықтарын электрондыққа ауыстырады
|
Төрт жылдан кейін жапондық оқушылар электрондық оқулықтарды пайдаланады. Осындай шешім бейсенбі күні елдің Білім министрлігінде қабылданды. Планшет түріндегі электрондық оқулықтар көрнекілігі, сондай-ақ оқу процесінде сурет және дыбыс функцияларын қосудың арқасында оқыту мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр. Бұл ағылшын тілін оқыту сапасын арттырып, сондай-ақ мүгедек балаларды оқыту мүмкіндіктерін кеңейтеді, деп санайды министрлікте. Бастапқыда электрондық оқулықтар қағаз оқулықтармен бірдей пайдаланылады, одан кейін кітаптар айналымнан шығарыла бастайды. Дегенмен мемлекеттің барлық оқушыларды тегін планшеттермен жабдықтай алмайтыны атап өтілуде. Осылайша, шығындардың бір бөлігі ата-аналардың иығына түседі, деп жазады Росбалт. Күтіліп отырғандай, жаңашылдықтың тәжірибе жүзінде енгізілуіне дайындық жұмыстары 2016 жылдың соңында басталады.