Оқу ермек пе, ізденіс пе: қайшылыққа толы дерек...
Оқу ермек пе, ізденіс пе: қайшылыққа толы дерек...
7 жыл бұрын 2712 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия Еуропа елдерімен салыстырғанда оқуға көп уақыт бөледі екен. Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Еуростат әлемнің 15 елінде 2008-2015 жылдар аралығында жүргізген зерттеу нәтижесін жариялапты. Мәселен, Еуростаттың келтірген мәліметі бойынша Эстония халқы күніне 13 минутын оқуға бөледі екен. Одан кейінгі орында поляктар мен финдер тұр – 12 минут тәулігіне. Ал венгерлер күніне 10 минутын оқуға арнайды. Төртінші орыннан көрінген гректер – 9 минут. Ал бір бағаннан табылған үш ел, атап айтқанда, Түркия, Германия және Люксембург – 7 минут. Осы дерекке қарап отырып, түріктер британдықтарға, испандықтарға және нидерландықтарға қарағанда алда келеді. Кәрі құрлықта оқуға ең аз уақыт жұмсайтын халық француздар болып шықты – 2 минут. Ал автриялықтар, италиялықтар және румындар – 5 минут. Аталған зерттеу нәтижесінде айтылғандай, түріктердің ең басты мәдени шарасына кітап оқу жатады екен - 10%. Финдердің бұл тараптағы көрсеткіші - 16,8%, поляктар - 16,4%.

0 пікір
Мұрағат