ОПЕК-ке қауіп төнді. Жаңа картел құрылуы мүмкін
|
Үндстан мен Қытай мұнай сатып алушы елдердің ұйымын құрғалы жатыр деген хабар тарағанда мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) маусым айының 22-і күні өтуі тиіс саммитке дайындалып, бұл ақпаратқа жете мән бермеген еді... Арада бір айт өткен соң аталған мәселе бойынша келіссөз басталғанда Times of India ақпарат көзі үндінің жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерінің мынадай сөзін келтіріпті: "Қолайлы сәт туды. АҚШ-тағы мұнай мен газ өндірісінің артуы бізге ОПЕК-ке ықпал етуімізге көмектеседі"...
Бүгінгі таңда Үндістан мен Қытайдың мұнайды тұтыну бойынша әлемдегі үлесі шамамен 17 пайызды құрайды. Әсіресе, осы елдер ОПЕК-тің әрекетінен, яғни, бағаның көтерілуінен көп зардап шегеді. Әрбірденсоң, ОПЕК-ке қарсы әлемдік мұнай нарығындағы жағдайға байланысты тек аталған екі ел ғана емес, сонымен қатар, Еуропа елдері мен Жапония да наразы. Әдетте кәрі құрлық пен күншығыс елі баламалы энергия көздеріне көшу арқылы ОПЕК саясатына қарсы тұра алады. Тек Еуропа ғана емес, сонымен қатар, Үндістан мен Қытай да электрмен жүретін көлікке көп үміт артып отыр. Бұл арада мынаны айта кетпеске болмайды: Жапония - аккумулятор құрастырудан алдына қара салмаған ел. Егер еуропалық елдер, Қытай мен Үндістан және күншығыс елі күш біріктіретін болса, әлемдік мұнай нарығын төңкеріп тастауға қауқарлы. Мәселен, Үндістанды алайық. Жуырда жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, үнді көлік жүргізушілерінің 90 пайызға жуығы электрмен жүретін көлікке отыруға келісімін берген. Тек бір шартпен: билік қуаттайтын бекеттер құрып, көлік салығын кемітсе әрі субсидияны арттырса, неге келіспеске. Десе де үнді көлік жүргізушілері электрмен жүретін көлікке отыруға асығар емес, өйткені, бағасы тым жоғары, жүру қоры аз. Осыған байланысты 2030 жылға дейін күллі елді электрмен жүретін көлікке отырғызу жоспары белгісіз кейінге шегерілді. Алайда, аталған мерзімге дейін ел тұрғындарының кем дегенде 30 пайызын электрмен жүретін көлікке отырғызуы мүмкін. Ал Қытайға келсек, жағдай басқаша: өткен жылдың өзінде ғана электрмен жүретін көліктердің барлығының 50 пайызы осы елде сатылып кеткен. Бұған мемлекеттің электрмен жүретін көлік өндірісіне мейлінше қаржылай қолдау көрсетуі өз септігін тигізген. 2020 жылға қарай бұл салаға қаржылай көмек қысқаратын болады. Электрмен жүретін көліктің маңыздылығы да кемиді. Электрмен жүретін көліктің болашағы бұлыңғыр. Осыған байланысты Үндістан мен Қытай билігі мұнай сатып алушылар ұйымын құруға ниетті. Аталған екі ел де ОПЕК қадағалапотырған әлемдік мұнай нарығындағы ахуалды өздерінің ыңғайына қарай икемдеуге мүдделі. Ал Еуропа электрмен жүретін көлікке брынша ден қойып отыр: біріншіден, қоршаған орта мен экологияға зиянсыз. Екінішден, мұнай шикізатын көп тұтынатындықтан оның бағасы балама жолды іздеуге итермелеуде. Еуропа, Жапония, Үндістан және Қытай әлемдегі электрмен жүретін көліктердің 65 пайызын шығарады.