Оңтүстік-шығыс Азияның наным-сенімі бөлек елінде мұсылманша жерлеу туралы заң қабылданды
|

Филиппинде қайтыс болға мұсылманды ислам әдебі мен қағидасына сай жерлеуді реттейтін жаңа заң ресми түрде қолданысқа енді. Бұл жайында islam.kz порталы mundoislam.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Филиппиннің ислам жөн-жоралғысы бойынша жерлеу туралы» заңға сәуір айының 11-де ел президенті Фердинанд Маркос қол қойып, сәуірдің 21-де мәтіні мемлекеттік мерзімді басылымдарда жарияланды. Бұл заң өз кезегінде көпшілікті құрайтын христиандар мен мұсылман азшылығы арасындағы түсініспеушілік пен шиеленістің қайнар көзі болған құқықтық олқылықтың орнын толтыруға бағытталған. Дүние салған кісінің сүйегін заң талаптарына сәйкес қайтқан сәтінен есептегенде 24 сағат ішінде қайтыс болғаны туралы куәлікпен немесе онсыз жер қойнына тапсыруға рұқсат етіледі. Жерлеуді жүзеге асырған адам немесе қайтыс болған адамның жақын туысы 14 күн ішінде міндетті түрде қайтыс болғаны туралы билік органдарына хабарлауы тиіс. Егер мәйiттi ашу қажет болса, ол туралы отбасыға бұл процедура туралы алдын ала хабардар етiлуi тиiс. Кісі қайтыс болған сәтте мәйітке жауапты адам (қайтқан адамның мәйітіне жауапты) ауруханаға жатқызылғанына немесе кейіннен реттелетін басқа да шығыстарға қарамастан, оны 24 сағат ішінде беруге міндетті. Бұл талапты елемегендер немеме қасақана бұзғандар бір айдан алты айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады немесе 50 000-нан 100 000 филиппиндік песо (шамамен 900-1800 доллар) мөлшерінде айыппұл төлейді. Аталмыш жоба азшылықты құрайтын жергілікті мұсылман жамағатының діни жөн-жоралғысын сақтауға әрі діни біртектілігін сақтауға көмектеседі. Филиппиндік мұсылмандар негізінде елдің оңтүстігіндегі аралдарды шоғырланған. Бұл елге ислам 9-10 ғасырларда қытаймен сауда жасаған араб саудагерлері арқылы келген. Дәлірегі, аталған елде ислам 11-12 ғасырда тараған екен. Филиппин халқының шамамен 7 пайыздайын мұсылмандар құрайды.




