Оңтүстік-шығыс Азиядағы мұсылмандар құқығы сақталған санаулы елдердің бірі
Оңтүстік-шығыс Азиядағы мұсылмандар құқығы сақталған санаулы елдердің бірі
3 жыл бұрын 1645 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Камбоджа билігі әлем бойынша исламофобия өршіп тұрған әрі жергілікті радикалдар тарапынан азшылықты құрайтындықтан мұсылмандар зорлық-зомбылық пен қуғын-сүргінге ұшыраған аймақтардың бірі – Оңтүсік-шығыс Азиядағы мұсылмандар құқығы қорғалған бірден-бір мемлекет екенін мақтанышпен мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Khmer Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Камбоджа үкіметінің өкілі Осман Хасан Біріккен Араб Әмірлігінде өткен «Ислам бірлігі: концепция, мүмкіндіктер және қауіп-қатерлер» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысып, өз еліндегі мұсылмандар басындағы жағдайға тоқталды. Оның баяндамасында келтірілген дерек бойынша жергілікті мұсылмандар сайлау секілді маңызды саяси науқанға белсене атсалысып, мемлекеттік жауапты қызметтерге тағайындала немесе сайлана алады. Бұдан бөлек, ер-азаматтар қарулы күштер сапында әскери борышын өтеп, полицияда қызмет ете алады. Ал әйелдер ресми құжаттарда шариғат шәлісімен суретке түсіп, еңбек нарығында, білім беру саласында, т.б. оранып жүре алады. Шри-Ланка секілді бірқатар елде ковид-19 жұқпалы індетіне байланысты аталған кеселден көз жұмған мұсылмандардың мәйітін өртемеді, мұсылман ғұрпымен жер қойнына тапсырылды. Оларды жерлеуге арнайы жер телімі бөлінген.

Кадр выступления Усмана Хасана на конференции в ОАЭ

Осман Хасан

0 пікір
Мұрағат