Оңтүстік-шығыс Азия Таяу шығыс секілді қауіпті аймаққа айналды
Оңтүстік-шығыс Азия Таяу шығыс секілді қауіпті аймаққа айналды
5 ай бұрын 764 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Kim Hong-Ji / Reuters

Саяси және әскери сарапшылар дүниежүзілік соғыс отының тұтану қатері жоғары аймақардың біріне жатқызған Оңтүстік-шығыс Азиядағы дипломатиялық шиеленіс ушығып барады. Қытай халық республикасының Тайуан аралын өзіне қосып алу тек уақыт еншісіндегі мәселеге айналды. Бұл шиеліністің арты кез келген уақытта қанды қасапқа айналу қатері жоғары. Бұдан бөлек, Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы шиеленістің арты соғысқа ұласқан жағдайда әлемдік экономика төрт трлн доллар шығын көреді. Яғни, жаһандық жалпы ішкі өнімнің 3,9 пайызынан айырылады. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg  ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш агенттіктің мәліметінше, бұл шығын Украинадағы арнайы әскери операцияның салдарынан екі еседен асып түспек. Корей түбегінде қанқұйлы соғыс болуы екіталай екені айтылды. Дегенмен, қарулы қақтығыс болған жағдайда адами және экономикалық шығындар сұрапыл болады. Ал  The Wall Street Journal (WSJ) мерзімді басылымының шолушылары Америка құрама штаттары Жапонияда Қытайдың экспанциялық саясатын тежеу үшін жаң әскери құрылым құратынын жазыпты. Жаңа әскери құрылым күншығыс елімен әскери іс-қимылдарды үйлестіреді, бірлескен жаттығуларға қатысады және әскери қақтығыс болған жағдайда Жапонияны қорғауға атсалысады.

0 пікір
Мұрағат