Оңтүстік шығыс Азия елінде криптовалютаны қолдануға рұқсат берілді
Оңтүстік шығыс Азия елінде криптовалютаны қолдануға рұқсат берілді
5 ай бұрын 736 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тайлан билігі шетелдік туристерге ел аумағында цифрлі активтерін пайдалануға мүмкіндік беретін, “крипто құмсалғыш” деп аталатын арнайы құқықтық режим енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bangkok Post агенттігіне жөн сілтеген fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Цифрлы дәуірдің орнығуына ықпал ететін ерекше бастама Тай елінің орталық банкі мен құнды қағаздар және биржа жөніндегі мемлекеттік комиссия (SEC) тарапынан мақұлданды. Аталмыш жоба шетел азаматтарына криптовалютасын лицензиясы бар операторлар арқылы тайдың төл ақшасына, яғни, ұлттық валютасына заңды жолмен айырбастауға әрі электронды жүйе арқылы есеп айырысуына “төлем жасауына) мүмкіндік береді. Дегенмен, криптовалютаны тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тікелей төлем ақысы ретінде пайдаланылуына жол берілмейді. Жобаға лицензиясы бар криптобиржалар, айырбастау платформалары, брокерлер қатыса алады әрі KYC және AML міндетті процедуралары сақталады.

0 пікір
Мұрағат