Оңтүстік-шығыс Азия елінде жұмаға бармаған ерлерге қолданылатын жаза күшейтілді
Оңтүстік-шығыс Азия елінде жұмаға бармаған ерлерге қолданылатын жаза күшейтілді
4 ай бұрын 1026 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Малайзияның Теренган штатында қатаң ереже қабылданды: жұма намазына орынсыз себеппен қатыспаған ерлер екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұл жайында islam.kz порталы nautilus.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған қоса, 3 мың ринггит (малайлардың төл ақшасы) мың мөлшерінде айыппұл салынады. Кей жағдайларда екі жаза бірдей қолданылатын болады. Бұрын бұл бағыттағы жаза жеңілдеу болатын – тек үш жұма намазын жіберген адам алты айға абақтыға жабылып, 1 мың ринггит айыппұл төлейтін. Ерлердің жұма намазына қатысқанын немесе қатыспағанын қалай тексереді? Биліктің мәліметінше, діндарлар мешіттердегі арнайы хабарландырулар арқылы құлағдар етіледі. Аталмыш ереже талаптарының сақталуын бақылау ісін діни инспекторлар жүргізеді, яғни, қоғамдық қадағалау мен бірлескен рейдтер арқылы жүргізіледі. Дегенмен, Малай билігінің бұл қадамы халықаралық құқық қорғау ұйымдары тарапынан қатаң наразылыққа ұшырады. Human Rights Watch беделді ұйымының Азиядағы бөлімшесінің жетекшісі Фил Робертсон заңды «сұмдық» деп бағалады. Оның айтуынша, мұндай ереже адамның негізгі құқығын өрескел бұзып, наным-сенім бостандығын қатаң шектейді. Ол Малайзия премьер-министрі Әнуар Ыбырайымнан ережені қолданыстан алып тастауды талап етті. Осы орайда Малайзия аумағында екі құқықтық жүйе жұмыс істейтінін айта кетпекпіз. Біріншіден, ислам аталған елдің ресми діні әрі шариғи сот мұсылмандардың жеке басы мен отбасына қатысты істерге төрелік ете алады. Малайзияда бүгінде мұсылмандар қарасы халық санының үштен екісін құрайды, яғни, 34 млн тұрғынның 23 млн-ы мұсылмандар. Теренган штатына көрші жатқан Келантан штатында 2021 жылы қылмыстық шариғи заңнаманы күшейтуге талпыныс жасалған еді. Дәлірегі, бір жыныстылардың қаынасына, туыстар арасындағы төсек қатынасына, құмар ойындарға, зинаға, исламның киелі құндылықтарын қорлағандарға қатаң жаза енгізуді көздеген болатын. Алайда, 2024 жылы федералды сот бұл түзетуді заңсыз деп таныды.

0 пікір
Мұрағат