Оңтүстік Кореяда ит етін тұтынғандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Оңтүстік Кореяда ит етін тұтынғандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады
12 ай бұрын 835 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Корея парламенті ит етін тағам ретінде тұтынуға толық тыйым салу қарастырылған заң жобасын қабылдады. Мемлекет имиджіне нұқсат келтіретін жат әдеттен ел тұрғындарын бездіру үшін. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талаптары бойынша бұдан былай итті еті үшін өлтіргендер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 30 млн вон (корейлердің төл ақшасы, ұлттық валютасы) айыппұл салынады. Қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ, итті еті үшін асырағандарға, сатып алғандарға, тасымалдағандарға, сақтағандарға, т.б. қолданылады. Ит еті жергілікті халықтың сенімі бойынша дәрі іспетті. Корей билігінің келтірген дерегіне қарағанда, өткен жылы ел аумағында итті арнайы өсіретін шамамен 1150 ферма, 34 қасапхана, 219  дистрибьюторлік компания және ит етінен түрлі тағам әзірлейтін 1600-ге тарта мейрамхана болған. Сөз орайы келгенде ит еті Солтүстік Кореяда, Қытайда, Вьетнамда, Филиппинде және Африка құрлығының бірқатар елінде тағам ретінде қолданылатынын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат