Оңтүстік Корея халқының 92%-ы ел аумағының 17%-да ғана тұрады
Оңтүстік Корея халқының 92%-ы ел аумағының 17%-да ғана тұрады
3 жыл бұрын 4613 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

2020 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Кореяның жер аумағы 106,2 мың шаршы шақырымды құраған, оның 17,7 шаршы шақырымында немесе 16,7%-да қалалар тұрғызылған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде таңғы шық елінің жер, инфрақұрылым және көлік министрлігі мен Кореяның жер және тұрғын үй корпорациясы (LH) келтірген дерекке жөн сілтеген Yonhap News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жарияланған мәліметтерге қарағанда, ел аумағының 27,3 мың шаршы шақырымы немесе ел аумағының 25,7%-ын өнеркәсіп нысандары, 49,2 мың шаршы шақырымын немесе 46,4%-ын ауыл шаруашылыққа арналған егістік алқаптары мен жайылым және орман-тоғай алып жатыр, 11,8 мың шаршы шақырымын немесе ел аумағының 11,2%-ын ұлттық бақтар құрап отыр. Таңғы шық елінің халық саны 51,8 млн адамды құраған, оның 47,57 млн-ы қалалық жерлерде тұрады. Яғни, ел аумағының 17%-да тұрғындардың 92%-ы мекен етеді. Корей ұлты қалалық ұлтқа айналған, өнері мен технологиясы озық санаулы мемлекеттердің бірі.

0 пікір
Мұрағат