Оңтүстік Йемен егемендігін жариялады – Йеменнің бөлшектенуі қауіпті сипат ала бастады
Оңтүстік Йемен егемендігін жариялады – Йеменнің бөлшектенуі қауіпті сипат ала бастады
2 жыл бұрын 1144 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Mohammed Hamoud / ZUMAPRESS.com / Global Look Press

Оңтүстік Йеменнің саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары Йеменнің оңтүстігінде тәуелсіз федеративті мемлекет құру туралы ұлттық жарғыға қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үй ішінен үй тіккендердің әрекетінен пайда болған бұл мемлекет елдің солтүстігінен бөлек саясат жүргізеді. Бұл құжатқа қол қою рәсімі Йеменнің оңтүстігіндегі әкімшілік орталығы Аден қаласында өткен кеңестік кездесудің қорытындысы бойынша өтті. Аталмыш шараға жергілікті партиялар, қозғалыстар мен кәсіподақтардың 330 өкілі қатысқан. Құжатта «Ұлттық пакт оңтүстік Йемен провинциясының аумағында болған Йемен Халық Демократиялық Республикасының мемлекетін қалпына келтіруді көздейді» делінген. «Оңтүстік мемлекет егемендігі бар федералды демократиялық азаматтық араб және мұсылман мемлекеті ретінде құрылады», - деп айтылған мәтіндегі мәлімдемеде. Болашақ мемлекеттің атауы конституция бойынша өтетін референдум нәтижесіне байланысты бекітіледі.

0 пікір
Мұрағат