Оңшыл үнділер тағы бір үлкен мешіттің мәртебесін өзгерткісі келеді
Оңшыл үнділер тағы бір үлкен мешіттің мәртебесін өзгерткісі келеді
2 жыл бұрын 1284 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның оңшыл ұйымдары елдің түкпір-түкпіріндегі мешіттерге қырғидай шүйлігуде. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Anadolu Agency дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Уттар-Прадеш штатындағы тағы бір тарихи мешіт үнділер үшін қасиетті жерде салынғанын және оның заңды мәртебесі жоқ екенін алға тартып, жоқ жерден дау тудырып отыр. Батыстан келген исламофобия дертіне уланған үнді ұлтшылдары «тарихты қайта жазуды» талап етуде. Дұрысы, ислам мәдениетін, соның ішінде Үндістан тарихында өшпес із қалдырған ислам тарихын жоққа шығару үшін түрлі амал-айлаға баруда. Бұл тарапта үнді радикалы Хинду Сена 17-ші ғасырда Матқырда салынған танымал Шах Ықтақ мешітін (суретте - ред.) Кришна құдайының туған жері деп, сотқа шағым түсріген. Дәлірегі, шағым түсірушілер Шах Ықтақ мешітін Ислам әміршісі Кришнаның туған жерінде тұрғызған және оны салу үшін үнді пұтханасы (индуизм) қиратылған, деп мәлімдейді. Сот сенбі күні шағымды қарауды бастады және Үндістанның археологиялық департаментінен мешіттің тарихи шығу тегі мен оның орналасқан жерін зерттеуді сұрады. Археологтардың есебі қаңтар айынң 20-нан кейін дайын болады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, осы жылдың мамыр айында билік басындағы ​​ұлтшыл Бхаратия Жаната партиясының жоғары лауазымды қызметкері мұсылман билеушілері 36 мыңнан астам үнді храмдарын қиратып, олардың орнына мешіттер салғанын айтып жала жауып отыр. Алайда,  Үндістанның тарихын зерттеп жүрген Ричард Итон есімді профессор (Аризона штатынан) моғолдар жиырмадан астам пұтхананы бұзбағанына сенімді, ал қалғаны Үндістандағы билеуші ​​партияның қиялы мен саяси насихаты, деп есептейді.

0 пікір
Мұрағат