|
Он жылда сүттің баламалы нұсқаларының нарығы екі есеге артады
|
Лактозаны көтере алмайтындар қарасының артуына байланысты өсімдіктен алынатын сүтке сұраныс арта береді. Бұл жайында islam.kz порталы Retail Asia ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сүт баламаларының жаһандық нарығы аз уақытта тауашадан, яғни, төменгі нишадан мейнстримге ауысады: айналымы 2026 жылы 26,6 млрд құраса, ал 2036 жылға қарай, Future Market Insights есебіне сәйкес 2036 жылға қарай 51,9 млрд долларға жетеді. Өсімдік және таза өнімдерге өсіп келе сұраныс сүттің балама нұсқаларының кеңінен таралуына ықпал етеді, бұған қоса, бөлшек сауда мен қоғамдық тамақтану операторлары ассортиментті кеңейтеді, яғни, жануар сүтін ғана емес, сонымен қатар, тұтынушыларға сүттің баламалы нұсқаларын да ұсынатын болады. Байытылған және функционалды сусындарға сұраныс, сондай-ақ,, электрондық коммерция мен қазіргі заманғы бөлшек сауданың өсуі бұл өнімдерді тұтынушыларға кеңінен тарататын болады. Әсіресе, Азия-Тнық мұхиты аймағында, сондай-ақ, Қытай мен Үндістанда лактозаны көтере алмайтындар, яғни, организімі жатырқайтындар қарасы күрт арып келеді. Сүт баламалары - соя, бадам, сұлы, кокос, күріш және бұршақ сияқты көздерден немесе дәнді дақылдардан алынатын мал сүті және сүт өнімдерінің өсімдік негізіндегі алмастыратын нұсқалары. Бұл нұсқалар сүт өнімдерінің дәмін, текстурасын және қоректік қасиеттерін жаңғырта алады. Бұрын мамандандырылған өнімдер болып саналатын сүт баламалары енді бүкіл әлем бойынша күнделікті рационның бір бөлігіне айналды. Тұтынушылар денсаулық, ас қорыту және өмір салты себептері бойынша өсімдік сүтін, йогурт пен десертті жиі таңдауға көшкен. Әсіресе, қалалық жерлерде.