"Он-ақ жылы қалды "жантәсілім" етуге". Жанталас
"Он-ақ жылы қалды "жантәсілім" етуге". Жанталас
6 жыл бұрын 7112 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өркениеттің үш түрі бар: аграрлық, индустриялық және ақпараттық. Біз қазіргі уақытта ақпараттық өркениет дәуірінде отырмыз. Ақпараттық соғыста кім жеңіске жетсе, соның мерейі үстем. Яков Кедми есімді израилдік сарапшының аутынша, АҚШ Иранда Ресейге қарсы тұзақ құрып жатыр. АҚШ-тың әлемдегі үстемдік ету дәуірі аяқталуға санаулы жылдар қалған. Сарапшының пікірінше. Осыған байланысты сыртқы саясатын күрт өзгертіп жатыр. Әсіресе, билік басына Дональд Трамп келгелі бері. АҚШ-тағы Ирандағы жаңа саяси жүрестері (мәселен, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен шығуы, т.б.). Бұған қоса, АҚШ-тың Иранға қысым көрсетуі Қытайдың көктен іздеген мүмкіндігін жерден тауып беріп отыр... Былайша айтқанда, санкцияны пайдаланған Қытай Иранды теспей соруда. Нақтырақ айтқанда, Қытайға экспортталатын мұндайдың төрттен бір бөлігі қазіргі уақытта Ираннан келеді. Ең алдымен АҚШ-қа Иранның мұнайы керек еді ғой. Бұл - бір деңіз. Екіншіден, АҚШ Иранға қарсы қысым көрсету жолын Ресейге де қолданады. Яғни, Ресейді саяси, экономикалық, қаржылық, қысқасы, барлық жағынан оқшауламақ. Ресеймен сауда-саттық жасағандар да жазасыз қалмайды. Бір сөзбен қайырғанда, уақыт өткен сайын мейлінше агрессиялық тәсілдерге көбіне жүгіне бастады. "АҚШ-тың қорғаныс министрі осыдан жарты жыл бұрын Американың сыртқы саясатын Пентагон жасайтынын, одан соң Мемлекеттік департаменттен халықаралық келісімдерде трасформацияланатынын айтқан еді. Мұндай принципке тек осындай принциппен ғана қарсы тұруға болады. ...халықаралық келісіммен күш қолдану қатерін сейілте алмайсыз",- деді ол ойын тарқата келе. "Ресей 1" телеарнасынан. Израилдік сарапшының сөзінде шындықтың дәмі білінгенімен шындықтың өзі жоқ. Өйткені, алдағы өзгерістер АҚШ-тың саяси жүрістеріне ғана емес, сонымен қатар, оған қалай қарымта жауап қайтарылатынында болып отыр. 

 

0 пікір
Мұрағат