Омар Хұсейн 4 млрд көшет отырғызылғанын мәлімдеді
Омар Хұсейн 4 млрд көшет отырғызылғанын мәлімдеді
5 жыл бұрын 2730 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Эфиопияның ауыл шаруашылық министрлігі ел аумағында 4 млрд көшет отырғызылғанын жаһанға жар салып, жария етті. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Африка құрлығында орын тепкен аталмыш елдің ауыл шаруашылық министрі Омар Хұсейн екі кезеңнен тұратын, мемлекет тарапынан жан-ақты қолдау білдірілген «Жасыл мұра» науқанының сәтті аяқталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған науқан аясында бірінші кезеңінде шамамен 2,72 миллиард көшет отырғызылған. Сондай-ақ, ол отырғызылған көшеттер бекігенше оларды қорғайтын арнайы топ құрылғанын да жеткізді. Бұдан бөлек, келесі 2019/2020 жылдарға аталмыш науқанның жалғастыруға дайындық жұмыстары пысықталған. Айта кету керек, отырғызылған көшеттердің 60%-ы жеміс ағаштарынан тұрады, ал қалған 40%-ы — түрлі жапырақты ағаш түрлері. Бұл жайында эфиопиялық Ethiopian Press Agency ақпарат көзі хабар таратты. Эфиопияның сумен жабдықтау, ирригация және электр министрі Силеш Бекеле аталмыш науқанға 23 млн-нан аса адамның жұмылдырылғанын мақтанышпен атап өтті.

0 пікір
Мұрағат