Оманның ислам қаржысы биыл 45 млрд доллардан асуы мүмкін
Оманның ислам қаржысы биыл 45 млрд доллардан асуы мүмкін
1 сағат бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылдың соңында 36 миллиард долларға жуық қаржыға жеткен Оманның исламдық қаржы индустриясы 2026 жылы 45 миллиард долларға дейін өсетіні болжанып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл болжам немесе көрсеткіш Оман Сұлтандығында шариғатқа сәйкес қаржыландыру қарқынының өсу траекториясын көрсетеді. Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің дерегі бойынша биыл аталған сектор «қолайлы экономикалық жағдайлармен, қаржыландырудың тиімлі құралы ретінде sukuk-пен, мемлекеттік бастамалармен және шариғатқа сәйкес келетін өнімдерге төменнен жоғары сұраныспен» өседі. Ислам банктері мен әдеттегі банктердің ислам терезелері нарығының үлесі 2025 жылғы қарашаның соңына қарай банк секторы активтерінің шамамен 20 пайызына дейін, яғни, бір жыл бұрынғы 19,2 пайызбен салыстырғанда әжептәуір өскен. Ислам банктері активтерінің жалпы мөлшері 24,1 миллиард долларға дейін өсті. Осы тұста ислам банктеріне тиесілі активтер өсімә әдеттегі банктердің активтерінен асып түскен. Кәдімгі алты банк басқаратын ислам терезелері 2025 жылы өздерінің негізгі мекемелерінің белгіленген франшизалары мен инфрақұрылымын пайдалана отырып, ислам банк ісі активтерінің 60 пайыздан астамын бақылап отырды. Оман орталық банкі жақында іске қосқан бастамалар мен шаралар осы сектордың өсуіне қолайлы жағдай қалыптастырады. Соның ішінде ислам банктері үшін шариғат талаптарына сәйкес келетін өтімділікті басқару құралдарын ұсынатын электрондық жүйе іске қосылмақ.. Бұған дейін орталық банк шариғат талаптарына сәйкес келетін қаржы және қаржы лизингтік компаниялары үшін нормативтік базаны бекіткен болатын. Бған қоса, қаржылық қызметтер жөніндегі басқарма (FSA) 2025 жылы жоғарғы шариғи қадағалау органын құрды. Ислам қорларының басқаруындағы активтер 2026 жылғы қаңтардағы дерек бойынша шамамен 575 миллион долларды құрады, ал такафул секторы 2024 жылдың соңына қарай жалпы тікелей сыйлықақылардың 18 пайызын құрады.

0 пікір
Мұрағат