Оман Изарилге байкотты күшейтті
Оман Изарилге байкотты күшейтті
2 жыл бұрын 1697 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оман Парсы шығанағындағы көршілері – Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейннен айырмашылығы – Израилмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге тырыспай, керісінше басқыншы ел деп танып, бойкотты күшейту туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда Оман парламенті Израилге қарсы байкотты күшейту көзделген заң жобасын қабылдады. Аталмыш заңға енгізілген түзетуге байланысты израилдіктермен кез келген қарым-қатынасқа, соның ішінде онлайн арқылы тілдесуге де тыйым салынған. Бұл ережені сақтамағандарға жауапкершілік қарастырылған. Бір қызығы, аталған заң Израилдің Оман әуе кеңістігін пайдалануға талпыныс кезінде мақұлданды. Осы орайда Сауд Арабиясының Израил ұшақтарына әуе кеңістігін ашқанын айта кету керек. Оман билігі Израилден Палестина мемлекетін құруды әрі Шығыс Құдысты оның астанасы етуді талап етуде.

0 пікір
Мұрағат