Оман бұғазында екі кемеге шабуыл жасалып, біреуі сауға батып кетті (видео)
Оман бұғазында екі кемеге шабуыл жасалып, біреуі сауға батып кетті (видео)
5 жыл бұрын 3319 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгін таңертең Оман бұғазында тағы екі мұнай танкеріне шабуыл жасалды. Олардың біреуі суға батып кеткен. Бұл жайында либандық Al-Mayadeen телеарнасы хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзі келтірген дерекке қарағанда, Маршалл аралдары байрағы желбіреген Front Altair кемесі су түбіне кеткен. Панама туы желбіреген екінші Kokuka Courageous танкері өртелген. NHK телеарнасының айтуынша, Kokuka Sangyo Ltd қожайыны - жапондық Kokuka Sangyo Ltd компаниясы. Алайда, аталмыш компания бұл ақпаратты не жоққа шығарған жоқ, не растаған да емес. Екі кеменің экипажы толық құтқарылған. Алдын ала алынған мәлімет бойынша. Естеріңізге сала кетсек, тура осыдан бір ай бұрын Біріккен Араб Әмірлігіне қарасты Фужейр айлағына жақын маңда төрт мұнай танкеріне белгісіз біреулер шабуыл жасаған болатын. Төрт кеменің екеуі Саудияға, тағы екеуі Норвегия мен БАӘ тиесілі болатын. Парсы шығанағы елдері бұл төрт мұнай танкеріне жасалған шабуылға Иранның қатысы бар деп айыптағанымен Иран билігі бұл айыптауларды жоққа шығарды. Бұл арандату акциясы Иран мен АҚШ арасындағы шиеленістің ушыққан кезімен тұспа-тұс келгенін айта кету керек. Иран осылайша мұнай бағасының шарықтауына жол беріп, өзінің мұнайына деген қажеттілік пен мұқтаждықты қолдан тудырмақ болды деген айыптауды да теріске шығарды. Десе де сарапшылардың кейбіреуі бұл шабуылды Иран мен АҚШ, Саудия, БАӘ арасындағы жағдайды одан ары шиеленістіріп, от салу мақсатында жасалғанын, соғысқа итермелеу үші жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. 



0 пікір
Мұрағат