Өлім жазасына кесілгендердің 87%-ы әлемнің тек 4 еліне ғана тиесілі болып шықты
Өлім жазасына кесілгендердің 87%-ы әлемнің тек 4 еліне ғана тиесілі болып шықты
7 жыл бұрын 4530 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Жазалауға қарсы бүкіл әлемдік күніне орай өткізілген айтулы шарада әлемнің кей елдерін өлім жазасын қолданудан бас тартуға шақырды. "Өлім жазасы жәбірленушіге көмектесе алмайды әрі қылмыстың алдын алуға дәрменсіз, ал сот - әлемдегі ең әділ деген соттың өзі қателесуі мүмкін" деп мәлімдеді ол. Осылай дей келе БҰҰ бас хатшысы әлем бойынша өлім жазасын қолданудан ең ьұңғыш елді атады және бұл елдің аталған жаза түрінен бас тартқанына қанша уақыт өткенін де жеткізді: Португалия өлім жазасын қолданудан осыдан бір жарым ғасыр бұрын , яғни, 150 жыл бұрын бас тартқан екен. "Әлемнің шамамен 170 елі өлім жазасын қолдануға тыйым салған немесе тоқтатқан. Өткен айда Африка құрлығындағы екі ел, атап айтқанда, Гамбия мен Мадагаскар да түбегейлі шешім қабылдап, маңызды қадам жасады осы бағытта. 2016 жылы өлім жазасына кесу фактісі алдыңғы жылмен салыстырғанда 37 пайызға кеміген еді. Бүгінгі таңда өлім жазасы кесу фактісінің 87 пайызы әлемнің тек 4 еліне ғана тиесілі болып отыр",- деді артынша. "Халықаралық рақымшылық" ұйымы келтірген мәлімет бойынша өткен жылы өлім жазасын көп қолданған елдер мыналар: Қытай, Иран, Сауд Арабиясы, Ирак. 

0 пікір
Мұрағат